Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

Киллер Сәрсенбаевты қалай өлтіргенін айтып берді

27 Қаңтар 2014, 18:18
0
Рустам Ибрагимов. ©Роза Есенқұлова
Рустам Ибрагимов. ©Роза Есенқұлова
©Роза Есенқұлова
©Роза Есенқұлова
Ержан Өтембаев. ©Роза Есенқұлова
Ержан Өтембаев. ©Роза Есенқұлова
Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілген Рустам Ибрагимовтан жауап алумен басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Залға киллерді күшейтілген күзет қызметінің жетегімен әкелді. Ибрагимов сотқа Рахат Әлиевті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаевты, Парламент Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевты білетінін айтты. 2006 жылы оған Мұсаев бұл операцияны орындаудың қажет екенін айтып, күнін белгілеген.

"Ритц-Паластың" жанында Әлекеңмен (Мұсаев - Авт.) кездестім, ол маған Сәрсенбаевтың мекенжайы, Toyota Camry көлігінің нөмірі жазылған кішкентай қағазды әкелді. Мен қағазды дәптерге салып, машинама қалдырдым. Мен оған Сәрсенбаевтың түрін білмейтіндігімді айттым, сол кезде ол маған "кейін оның фотографиясын жіберемін" деп жауап берді. Содан кейін мен "Рамстор" сауда орталығына келіп, таныстарыммен жолықтым. Маған Әлнұр қоңырау шалып, ВДНХ ауданындағы "Рамсторға" шұғыл баруым керектігін айтты. Мен келіп, бірінші қабатқа өткенімде Әлнұр қоңырау шалып, екінші қабатта кофеханада жолығатынымызды жеткізді. Бірер сәттен соң эскалатормен Әлекең суреттеген бір адам көтерілді. Ол Алтынбек Сәрсенбаев еді, онымен бірге оппозиционер Ғалымжан Жақиянов болды. Мен сонда Сәрсенбаевты бірінші рет көрдім", - деді Ибрагимов.

Ибрагимовтың айтуынша, Мұсаев оны қорқатын дәнеңе жоқ деп сендірген. "Бірнәрсе бола қалса, маған қолдау көрсететінін айтты. Кейін ақпан айының ортасында досым Алматы қалалық ішкі істер департаменті жанындағы кафеде туған күнін атап өтті. Мен ішкен едім. Маған Әлнұр Мұсаев хабарласып, қайда екенімді, жылдам келуімді сұрады. Мас болғандықтан Виталий Мирошниченкодан мені жеткізіп салуды өтіндім. Біз Әлекеңмен "Ритц-Паластың" жанында кездестік", - деді ол.

Жауап берушінің сөзіне қарағанда, Мұсаев оған тапанша беріп, Сәрсенбаевтың "Саяхат" автобекеті жағында жүргенін айтқан. "Біз жігіттермен жолға шықтық, Сәрсенбаевтың автокөлігін тоқтаттық. Оның артқы орындықта отырғаны анық есімде, жанында көмекшісі болды. Рульде Журавлев отырды. Мен Әлекеңе қоңырау шалып, олардың үшеу екенін айттым. Оның айтқаны: "Үшеуін де өлтір", - деді Ибрагимов.

Бұдан соң олар қала сыртына шығады, киллер Сәрсенбаевтан машинадан шығып, артқа бұрылуды сұраған. "Мен жүрек тұсынан аттым. Екінші, үшінші адамды да. Содан кейін машинаға келдім. Мен өз өмірім, өз отбасымның өмірі үшін қорықтым. Мен Әлекеңнің кім екенін, Рахат Әлиевтің кім екенін, олардың мүмкіндігін білдім. Шынымды айтсам, мен Әлиевті де, Мұсаевты да ұнатпайтынмын", - деді сотқа Ибрагимов.

Мемлекеттік айыптаушының сұрағына берген жауабында Ибрагимов Өтембаевпен бірге Сәрсенбаевтың көзін құрту туралы әңгімелеспегенін айтты.

Рустам Ибрагимовтың Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіргені үшін жаза өтеп жатқанын еске саламыз. Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев іздеуде жүр. Ал кезінде Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталған Ержан Өтембаевтың ісі сотта қайта қаралып жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай