16 сәуір 2024 12:41

Сотта Бишімбаевтың анасы алғаш рет сөз сөйледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотта сотталушының анасы Альмира Нұрлыбекова алғаш рет сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотта сотталушының анасы Альмира Нұрлыбекова алғаш рет сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысында айыптаушы тарап өкілдері сотталушы Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары тартқан ресейлік мамандардың қорытындыларын қабылдауға келмейтін дәлел деп тану туралы өтініш білдірді.

Бұл өтініш бойынша залда отырған сотталушының анасы Альмира Нұрлыбекова да өз ұстанымын білдірді.

"Мен қазір тыңдап отырмын. Мен, әрине, заңгер емеспін, бірақ егер сіз мәскеулік маманның тұжырымын қабылдамасаңыз, онда баламның конституциялық құқықтары, яғни, оның өзін қорғау және қорғау үшін өз дәлелдерін келтіру құқығы бұзылады деп ойлаймын. Сондықтан соттан, прокурорлардан, жәбірленушілерден мені ана ретінде түсінуді сұраймын", - деді сотталушының анасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети