01 сәуір 2024 14:47

Сотта Қайрат Сатыбалдыұлының активтері сомасы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы өтті. Отырыста прокурор айыптау актісін оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы өтті. Отырыста прокурор айыптау актісін оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысы онлайн режимде өтті. Сот барысында прокурор Елдар Нұрмаханов айыптау актісін оқыды. Онда бұрын "Техальянс" ЖШС арқылы жүргізілген ақша заңдастыру туралы айтылды. Бұл компания халық тұтынатын тауарларды шетелден сатып алу және Қазақстанда сатумен айналысқан.

"Бақылаудағы "Texalliance" ЖШС Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты жылыстату нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен түскен пайданы көбейту жолымен заңсыз алынған ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырды. Сатыбалдыұлы 2018-2022 жылдар аралығында қылмыстық кіріс алып, оны жылжымайтын мүлік салу және оның ішінде шетелден сатып алу, Қазақстан мен шет мемлекеттердегі банк шоттарына ақша орналастыру, бағалы қағаздарды сатып алу үшін пайдаланған", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Қазақстанда сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жалпы сомасы 34 миллиард 853 миллион 900 мың теңге болған. Ресей Федерациясында – 840 миллион 572 мың 948 рубль, бұл Ұлттық банк бағамы бойынша – 4 миллиард 202 миллион 864 мың 740 теңге.

Біріккен Араб Әмірліктерінде – 162 миллион 150 мың дирхам, бұл Ұлттық банк бағамы бойынша – 20 миллиард 413 миллион 63 мың теңге.

Франция – 8 миллион 300 мың еуро, бұл Ұлттық банк бағамы бойынша – 4 миллиард 150 миллион теңге.

Түркия Республикасында – 65 миллион 237 мың 341 түрік лирасы, бұл Ұлттық банк бағамы бойынша 4 миллиард 25 миллион 375 мың 451 теңгеге балама.

Жарияланған мәліметке сәйкес, Қазақстанда сатып алынған мүліктің жалпы сомасы 34 миллиард 863 миллион 967 теңге болған. Шет мемлекеттер аумағында – 32 миллиард 791 миллион 303 мың 691 теңге. Жалпы сома 67 миллиард 655 миллион 203 мың 758 теңге болады.

"Қайрат Сатыбалдыұлы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 10 ақпанға дейінгі кезеңде Көлікке қызмет көрсету орталығының мүлкін ұрлаудан алынған қаражатты заңды айналымға енгізу, бюджетке кедендік және басқа да төлемдерді төлеуден жалтару және мүліктік залал келтіру жолымен "Қазақтелеком" АҚ ерекше ірі сомада жалпы сомасы 82 миллиард 446 миллион 658 мың 785 теңге. Осылайша, Сатыбалдыұлы Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағында – "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру" бойынша көзделген қылмысты жасады", - деді прокурор Елдар Нұрмаханов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети