09 қазан 2023 11:26

"Тәжірибем бар" - Павлодар облысының экс-әкімі жаңа тағайындалуы туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Валерия Бугаева Фото: Валерия Бугаева

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Әбілқайыр Сқақов медицина саласындағы тәжірибесіне тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Әбілқайыр Сқақов медицина саласындағы тәжірибесіне тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білімі бойынша Сқақов экономист және қаржыгер, сонымен қатар құқық бакалавры дәрежесіне ие. 2022 жылдың желтоқсанына дейін Павлодар облысының әкімі болған. Мәжіліс кулуарында журналистер шенеуніктен медициналық тәжірибесінің жоқтығы оған кедергі келтірей ме деп сұрады.

"Мемлекеттік қызметте жүргеніме 28 жыл болды, тәжірибем бар: 2,5 жыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығында жұмыс істедім, содан кейін әкім болып тағайындалған кезде менің тағайындалуым бірден үлкен мәселе – COVID-19-ға тұспа-түс келді. Мен сонда тәжірибе жинақтадым, жалпы алғанда, қор денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қолдаумен айналысатын қаржы институты екенін білесіздер", - деп жауап берді Әбілқайыр Сқақов.

Ол осы тәжірибесі оған Денсаулық сақтау министрлігі және медициналық қауымдастықпен бірге "бар мәселелерді шешудің нақты жоспарын жасауға" мүмкіндік беретінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети