18 наурыз 2024 12:23

Талдықорған полициясының бұрынғы басшысына қатысты сот отырысы қайта жалғасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: zhetysu.gov.kz Фото: zhetysu.gov.kz

Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы, қыз зорлады деп айыпталған Марат Күштібаевтың соты қайта жалғасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы, қыз зорлады деп айыпталған Марат Күштібаевтың соты қайта жалғасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚР ҚК-ның 120-бабы бойынша айыпталып отырған Қ-ға қатысты қылмыстық іс Талдықорған сотында қаралып жатыр. Сот отырысының күні биыл 28 наурызға белгіленді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевтың соты сотталушының денсаулығына байланысты кейінге шегерілген болатын. 5 наурызда кезекті кездесуде сотталушы өзін нашар сезінген. Оны жедел жәрдем көлігімен Талдықорған ауруханалардың бірінің кардиология бөліміне жеткізді.

Қыз зорлады деп айыпталған бұрынғы жоғары шенді полицейдің соты жабық режимде өтіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети