12 мамыр 2023 09:40

Телефон, Wi-Fi, ішімдік. Қазақстанда сотталғандарға тыйым салынған заттар қалай әкелінеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Тыйым салынған заттарды тұтқындарға кім және қалай беруге тырысады? ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдері Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында жыл басынан бері еліміздің түзету мекемелерінде тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің 463 әрекеті тоқтатылғанын, 80 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Жеткізу әрекеті кезінде 802 ұялы телефон, 56,2 литр алкогольдік сусын, 4,1 келі есірткі заттары және 395 000 теңге тәркіленді. Ұялы телефон тұтқындар арасында ең көп сұранысқа ие заттың бірі болып саналады.

Дегенмен, тыйым салынған заттарды өткізгісі келетіндердің саны тек тұтқындарға қонаққа келген туыстарымен және тыйым салынған затты қоршаудан асырып тастағандармен шектелмейді. Республика бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің өнеркәсіптік кәсіпорындарында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің сотталғандарға тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 18 дерек тіркелді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында цехқа қажетті материалдарды тасымалдап келе жатқан жүргізуші бірден 10 ұялы телефон, Wi-Fi роутері және 4 сим-картасын ағаш тақтайшаға жасырмақ болған.

"Мекеме қызметкерлерінің арасында қызмет мүддесіне опасыздық жасаушылардың да бар екенін жасырмаймыз. Өткен мерзімде ішкі қауіпсіздік қызметі сотталғандарға "тапсырысын" апармақ болған үш қызметкерді ұстады. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады қылмыстық-атқару комитет жүйесі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети