13 қараша 2023 11:41

Тоқаев Назарбаевқа көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеуге қатыспайды", - деді Берік Уәли.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында қайтыс болғаны хабарланған еді.

Бұған дейін 4 қарашада бірқатар қазақстандық БАҚ Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр деп хабарлаған болатын. Жазбада Болат Назарбаевтың екінші рет инфарктпен ауруханаға түскені, оның жағдайы ауыр әрі тұрақсыз екені айтылған.

Кейінірек Алматының Орталық клиникалық ауруханасы Болат Назарбаевтың жағдайына қатысты пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети