03 қаңтар 2024 08:43

Тоқаев Назарбаевтың мемуары туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұрсұлтан Назарбаевтың мемуары туралы сұрақ қойылды. Бұған Президет "Egemen Qazaqstan" газетіне берген көлемді сұхбатында жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұрсұлтан Назарбаевтың мемуары туралы сұрақ қойылды. Бұған Президет "Egemen Qazaqstan" газетіне берген көлемді сұхбатында жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

– Тұңғыш Президенттің мемуары қоғамда қызу талқыланды. Сіз де ол кітапты оқыған шығарсыз. Көптеген шешім мен оқиғаға тікелей куә болған адам ретінде қандай әсер алдыңыз? Өзіңіздің мемуар жазатын ойыңыз бар ма?

– Бұл кітап тәуелсіз мемлекет құру ісінің жылнамасы ретінде оқырман қызығушылығын туғызады деп ойлаймын. Кезінде бір айтқыш "Мемуарда шындықтың жартысы айтылса да, ол тарихи оқиғалардың ауқымын бағамдауға жеткілікті" деген екен.

Нұрсұлтан Назарбаев – бірнеше дәуірге куә болған тарихи тұлға. Ол өз мансабын комсомол белсендісі ретінде Хрущев заманында бастап, арада алпыс жылдан астам уақыт өткеннен кейін қызметтен кетті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуына қосқан үлесін бәрі біледі. Ол – әділ тарихи бағасын алуға лайық адам.

Мен мемуарларды, публицистикалық шығармаларды, саяси очерктерді әрдайым ыждағатпен оқимын. Ал сұраққа келсек, мен үшін қазіргі кезең мемуар жазып отыратын уақыт емес.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети