25 қаңтар 2024 14:47

Тоқаевқа Алматыны ауызсумен қамтамасыз ететін нысан құрылысы туралы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Алматы әкімдігінің мәліметіне сәйкес биыл Қарғалы тоғанының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Алматы әкімдігінің мәліметіне сәйкес биыл Қарғалы тоғанының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл нысан Наурызбай ауданының 50 мың тұрғынын ауызсумен қамтамасыз етеді. Келесі жылы Ақсай тоғанының құрылысын аяқтау көзделуде. Ол Наурызбай ауданындағы 100 мың тұрғын мен Алматы облысы Қарасай ауданындағы 15 мың тұрғынның суға қатысты мәселесін шешуге септігін тигізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын сумен қамтамасыз ету жалпымемлекеттік маңызы бар басым міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар былтыр Алматы қаласының Медеу ауданында болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайтынын ескертті.

"Елімізде су тапшылығы бар. Бізге жалпы мемлекеттік бағдарлама қажет. Бау-бақшаны суару үшін ауызсуды пайдалануға болмайды. Оның орнына су үнемдеу технологиясын қолданысқа енгізіп, жер астынан жаңа су көздерін іздеу қажет. Алматының тұрғындары ауызсудың тапшылығына жиі шағымданады. Сондықтан кешенді, жүйелі жұмыс жүргізілуі керек", – деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети