15 қыркүйек 2023 17:26

Тоқаевты Душанбеде қалай шығарып салды - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео: Aqorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақорданың баспасөз қызметі мәліметінше, Душанбе халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода шығарып салған.

Видеодада президенттік кортеж және ұшаққа дейін қызыл кілеммен Тоқаев пен Расулзода өтті. Тәжікстан үкіметінің басқа мүшелері де Тоқаевты шығарып салуға келді. Қоштасу үшін қазақстандық көшбасшы қолын бұлғады.

Еске салайық, Тоқаев Душанбеде Тәжікситан президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізіп, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысып, бірқатар мәлімдемелер жасады.

Іс-шара қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттар тізімі:

  1. Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Душанбе өтініші;
  2. Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі: Тәжікстан Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етуінің қорытындысы туралы;
  3. Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі: Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымын және шарттық – құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі қызмет туралы;
  4. Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі: Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети