03 сәуір 2020 20:58

Түркістан облысында екі әйел мен бір бала коронавирус жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында тағы үш адам COVID-19 ауруын жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


Түркістан облысында тағы үш адам COVID-19 ауруын жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Науқастардың бірі 1992 жылы туған, Сайрам ауданы Қосбұлақ ауылының тумасы, бұрын Біріккен Араб Әмірліктерінен келген азаматпен байланыста болған.

Коронавирус инфекциясы 1991 жылы туған тағы бір әйелде және 2019 жылы туған балада анықталған. Пациенттер Нұр-сұлтан пойызында келген әйелмен тығыз байланыста болған.

Қазіргі уақытта емделушілер оқшауланып, ем алады. Сондай-ақ, ауру адаммен байланыста болған азаматтарды анықтау және оқшаулау бойынша шаралар қабылданып жатқаны айтылады.

Жалпы өңірде 19 ауру жағдайы тіркелген.

Еске салайық, Қазақстанда жалпы 463 адам коронавирус жұқтырған, 29-ы айықты, үш адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети