05 тамыз 2023 08:51

Түркістандағы Тұңғыш Президент саябағы қараусыз қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz Фото: Massaget.kz

Түркістан облысының құрылғанына бес жылдан асты. Осы уақыт ішінде қала үлкейіп, көптеген жаңа нысандар бой көтерді. Әсіресе қаланы жасыл желекті қалаға айналдыру үшін көп күш салынды. Әйтсе де бес жыл аралығында отырғызылған ағаштардың бәрінің бірдей көркейіп кете қоймағаны аңғарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.


Түркістан облысының құрылғанына бес жылдан асты. Осы уақыт ішінде қала үлкейіп, көптеген жаңа нысандар бой көтерді. Әсіресе қаланы жасыл желекті қалаға айналдыру үшін көп күш салынды. Әйтсе де бес жыл аралығында отырғызылған ағаштардың бәрінің бірдей көркейіп кете қоймағаны аңғарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселен жақында Түркістан облысының әкімі облыс орталығы тұрғындарымен кездесуінде "Жібек жолы, Дендросаябақ, Президент саябағы, Саттарханов, Яссы, көшелерінің бойындағы желілік саябақтар, Отбасы, Денсаулық саябақтары секілді көптеген саябақтар қаланы көгалдандыруға өз септігін тигізіп жатқанын" айтты.

Әкім сөзінде "рухани шаһарда 237 гектарды құрайтын 30 саябақ, 34 гектардай болатын сквер 60 гектарды құрайтын 29 көше, 121 гектарды құрайтын жасыл алаңдар мен аймақтар бар" деген болатын.

Әкім тілге тиек еткен саябақтардың бірі - Тұңғыш Президент саябағы. Кесенеге жақын орналасқандықтан, туристердің де бірінші ат басын бұратын жері осы орын. Арғы басынан, бергі бетіне дейін толық 1 жарым сағатта аралап шығуға болады. Осыдан екі жыл бұрын ашылып, пайдалануға берілген. Осы уақыт ішінде қала тұрғындары мен қонақтары кешкісін отбасылық сейіл құратын керемет орынға айналды. Күніне мыңдаған адам келіп, жүздеген бала ойнайды. Қайықпен серуендеуге, су спортымен шұғылдануға мүмкіндік бар. Аллея, субұрқақтары мен балалар ойын алаңшалары, орындықтары мен жүгіру және веложолы бар. Тіпті, әлемнің бірнеше мемлекетінен елімізде сирек кездесетін ағаш түрлері де әкелінген. Жарықшамдар орнатылған. Осының бәрі айтылғанда алғашқыда сүйсіндіретіні рас. Алайда бүгінде сол думандатып ашылған нысанға барсаңыз күйі адам шошырлық.

Талдары ыстықтан ба, әлде су құйылмағанына біраз болған ба, әйтеуір, қурап, жапырақтары сарғайып кеткен.

Ал әжетханаларының есігі тарс жабық. Ұлы сөзде ұят жоқ, дәрет қысса үйге дейін шыдауға тура келеді. Ал кейбіреулердің осы саябақты әжетханаға айналдырып жатпағанына да кепілдік жоқ. Өйткені саябақтың әжетханасында құлып тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети