31 наурыз 2021 18:20

Түркістанды бүкіл әлемге таныстыруға шақырамын - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанды бүкіл әлемге таныстыруға шақырды. Бұл туралы ол Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанды бүкіл әлемге таныстыруға шақырды. Бұл туралы ол Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1992 жылы Анкарадағы алғашқы кездесу кезінде Елбасы түркі елдерінің басшылары бұдан әрі қасиетті Түркістанда бас қосатынын айтқан. Түркістан - бүкіл түркі халқы үшін қасиетті орын, құтты шаңырақ.

Өздеріңіз білетіндей, біздің ата-бабамыз ұлы ұстаз Қожа Ахмет Ясауиден діни білім алып, түркі ислам мәдениетін бүкіл жаһанға таратқан. Түркі халқы Кіші Азияға бет алғанда осы құндылықтың бәрі түп-тамырымызды сақтауға және күш-жігерімізді нығайтуға негіз болды. Біздің мақсатымыз - түркі әлемін ХХІ ғасырдағы маңызды экономикалық, мәдени-гуманитарлық кеңістіктердің біріне айналдыру.

Мен түркі өркениетін жаңғыртуды ең алдымен Ясауи мұрасы мен қасиетті Түркістанды бүкіл әлемге таныстырудан бастауға шақырамын. Сондықтан бүгінгі саммит "Түркістан - түркі әлемінің рухани астанасы" деп аталады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласы түбегейлі өзгеріп, жаңа келбетке ие болды", - деді Тоқаев. 

Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтіп жатыр. Бұған дейін жиын барысында бауырлас мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланатыны хабарланған болатын.

Саммит қорытындысы бойынша түркі елдерінің мәдени құндылықтарына және Кеңестің мәртебесіне қатысты Декларация қабылданады деп жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети