04 маусым 2014 19:54

ҰБТ-2014: Өскеменде түлектердің туысқандарын полиция ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©yk-news.kz/Юлия Горбачева ©yk-news.kz/Юлия Горбачева

Өскеменде ҰБТ-2014-тің алғашқы күні түлектердің 12 туысқаны полиция бөлімшелеріне түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Yk-news сайтына сілтеме жасай отырып. 


Өскеменде ҰБТ-2014-тің алғашқы күні түлектердің 12 туысқаны полиция бөлімшелеріне түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Yk-news сайтына сілтеме жасай отырып. 

Полиция оларды түлектерге сынақты сәтті тапсыруға көмектеспекші болғандары үшін ұстады. Өскеменде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде ҰБТ-2014-тің алғашқы күні түлектердің туыстары мен достары емтихан кезінде тест тапсырушыларға қалтафондар мен шпаргалкалар кіргізуге көмектесуге тырысқан. 

Ғимаратты айнала полиция қызметкерлері күзетіп тұрғанына қарамастан кейбіреулер рұқсат етілмейтін құрылғыларды терезеден лақтырмақшы болыпты. 

Ал Өскемендегі Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде мұндай тәртіпсіздік болмаған. "Бізде ҰБТ қалыпты жағдайда өтті. Түлектердің туыстары мен таныстары қоршаудың арғы жағында күтіп тұрды", - дейді ШҚМУ-дегі тестілеу комиссиясының төрайымы Валентина Колпакова.

ҰБТ кезінде студенттік қалашыққа жақын орналасқан жердегі пәтерлерді жалға алу бағасы қымбаттап кеткен. Соған қарағанда өзінің баласына емтихан кезінде көмектеспекші болған ата-аналар жақын маңға орналасып алса керек. ҰБТ-2014 облыс орталығында ШҚМУ мен ШҚМТУ базаларында екі кезеңнен өтуде. Тестілеудің екінші күні – 5 маусым. 

Бұған дейін ҰБТ-2014 барысындағы тәртіп бұзушылықтар туралы Білім министрі Аслан Сәрінжіпов айтқан болатын. Оның сөзіне қарағанда көп жағдайда тест кезінде қалтафондар тәркіленген. Министр түлектерге өз білімдеріне сүйеніп тест тапсыруға кеңес берді. ҰБТ-ның алғашқы күндерінің нәтижесі бойынша орташа балл былтырғы жылға қарағанда бір балға артық. Қазіргі таңда түлектердің 22 пайызы ҰБТ-дан өте алмаған, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 30 пайыз болған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети