20 наурыз 2024 09:31

ҰҚК Ауғанстаннан Еуропаға заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ауғанстаннан Еуропаға заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ауғанстаннан Еуропаға заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК ШҚ "Алматы" шекаралық бақылау басқармасы Алматының ҰҚК департаментімен бірлесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстан азаматтарының Ресейге және одан әрі Еуропа елдеріне заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті.

"16 наурызда лауазымды тұлғаға 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру әрекеті кезінде Ауғанстанның 4 азаматы ұсталды. Тергеу материалдарына сәйкес, бұл қаражат шетелдіктерді Испания мен Португалияның жалған төлқұжаттары бойынша Алматы халықаралық әуежайы арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға арналған", - делінген хабараламада.

Қылмыстық кодекстің 394-бабы 1-бөлігінде және 367-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Соттың санкциясы бойынша, ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети