21 желтоқсан 2016 14:20

ҰҚК жүргізген арнайы операция: "Ат-Такфир уәл-Хиджра" экстремистері жайлы не білеміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lada.kz © Lada.kz

ҰҚК өкілдері арнайы операция барысында Қазақстанда тыйым салынған "Ат-Такфир уәл-Хиджра" ұйымының 16 мүшесін ұстады. Tengrinews.kz тілшісі осы экстремистік ұйым жайлы мәлімет жинады.


ҰҚК өкілдері арнайы операция барысында Қазақстанда тыйым салынған "Ат-Такфир уәл-Хиджра" ұйымының 16 мүшесін ұстады. Tengrinews.kz тілшісі осы экстремистік ұйым жайлы мәлімет жинады.

2014 жылдың 18 тамызында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының шешімімен "Ат-Такфир уәл-Хиджра" ұйымы Қазақстан аумағында тыйым салынған халықаралық масштабтағы экстремистік ұйым деп танылды.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің сайтында "Ат-Такфир уәл-Хиджра" сөзінің аудармасы "Дінге сенбеуші деп айыптау, өз дінін сақтап қалу үшін қоныс аудару" деп көрсетілген. Сондай-ақ, онда осы ұйымның Европалық Одақ елдерімен Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және басқа да мемлекеттерде экстремистік ұйым деп танылып, тыйым салынғаны жазылған.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, "Ат-Такфир уәл-Хиджра" ағымын ұстанушылар Сирия мен Ирактағы лаңкестердің әрекетін жақтайды, зайырлы мемлекетті және жалпылай конституциялық заңдарды жоққа шығарғысы келеді

Айта кетейік, бұл ұйым 2014 жылғы сот шешімімен экстремистік деп танылған болатын. Оның іс-әрекетіне Қазақстан аумағында тыйым салынған. Сонымен қатар, "Ат-Такфир уәл-Хиджра" ұйымы АҚШ, Ресей, Қытай, Мысыр, Ливия, Марокко, Тәжікстан, Өзбекстан және тағы бірқатар елдерде террористік ұйымдар қатарына жатқызылған.

Бүгін, 21 желтоқсанда ҰҚК Алматы мен Қазақстанның үш облысында арнайы операцияны бастаған болатын. "Жедел шаралар бір уақытта Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстарында және Алматыда жүргізіліп жатыр. Діни араздықтықты тудырды деген күдікпен елімізде тыйым салынған ұйымның 16 адамы ұсталып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына жеткізілді", - делінген еді хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети