16 ақпан 2024 11:39

ҰҚК операциясы: ҰБТ-ға қатысты схема бойынша үш адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҰҚК Фото: ҰҚК

Ұлттық тестілеу орталығынан ақпаратты көшіріп алған үш адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық тестілеу орталығынан ақпаратты көшіріп алған үш адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлімі және 208-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары "С", "Ж" және "Н" қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді.

"Олардың әрбіреуіне 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды.

Сотталған адамдар 2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қолжеткізуді және көшіруді жүзеге асырғандары тергеумен анықталды.

Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұғулары дәлелденді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети