14 ақпан 2024 09:47

Ұялы байланыс операторларына нашар интернет үшін айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Рудныйда ұялы байланыс операторлары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Рудныйда ұялы байланыс операторлары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Рудный прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернет сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтаған.

"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұлдарға тартылды, сондай-ақ олардың атына заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді", - делінген хабарламада.

Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша, мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатқан, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқығы қорғалғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети