22 маусым 2023 14:55

"Ветеринар болуды армандадым, бірақ қазір колониядамын". Сотталған балалар алғаш рет ҰБТ тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл Алматыдағы балалар колониясында жазасын өтеп жатқан балалар алғаш рет ұлттық бірыңғай тест тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Биыл Алматыдағы балалар колониясында жазасын өтеп жатқан балалар алғаш рет ұлттық бірыңғай тест тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

№ 11 мекеме басшылығы мәліметінше, бүгінде осы колонияда 33 бала жазасын өтеп жатса, биыл 13 бала он бірінші сыныпты аяқтаған. Оның ішінде 6 бала ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға тілек білдіріп, 3 бала жақсы нәтиже көрсеткен.

"Бұл қайта әлеуметтенудің тиімді шарасы жазалы жасөспірімдердің өз болашағы туралы ойлайтынын көрсетеді, мысалы, өтпелі балл жинағандар еркіндікке шыққан соң жоғары оқу орындарына түсіп, мамандық алуға шешім қабылдады", - дейді № 11 мекеме басшылығы.

ҰБТ тапсыру Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев және "Адам құқығына арналған хартия" қоғамдық қорының басшысы Жеміс Тұрмағамбетова ұсыныстары бойынша ұйымдастырылған. Егер бұрын оқушылар мемлекеттік емтихан тапсырып, аттестат алса, енді олар ҰБТ тапсырғаны туралы сертификат ала алады.

"Мен бала кезімнен ветеринар болуды армандадым, бірақ қазір колониядамын. Осыған қарамастан, менде оқуды жалғастыруға және арманыма жетуге мүмкіндік бар. Бостандыққа шыққан соң мен университетке түсіп, ветеринар мамандығын аламын деп үміттенемін", - деді сотталғандардың бірі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети