26 мамыр 2015 08:58

Алматыда "қара тізімдегі" мейрамханалар белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәулет Ерғожин. © Тengrinews.kz Дәулет Ерғожин. © Тengrinews.kz

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің төрағасы Дәулет Ерғожин Facebook әлеуметтік желідегі "Борьба с теневой экономикой" тобына өткен жылы бір миллион теңгеден төмен салық төлеген Алматы мейрамханаларының тізімін жариялады.

"Әлеуметтік жауапкершілікті" мейрамханалардың тізіміне келесі мекемелер кірді: Адмирал, Чешский двор, Гакку, Hemigwey, Primavera, Tirol, Toni Gard Cafe, Metropol, Cashgar, Turandot, Del Toro, Версаль, МараКеш, Ару-Ана, Батыр, Grand Opera.

10 миллион теңгеден астам салық төлегендердің қатарында: LT Grill, Vista Арман, Изюм, Керуен, Grand Sapphire, Royal Cafe, HAN, Ballroom, Hello, Holiday Inn Almaty, Vertalёt, Baritone, Villa dei Fiori, Peppoli Antinori, Line Brew, GUINNESS PUB, Belagio бар.

Айта кетейік, осыған дейін Дәулет Ерғожин Астанадағы салық төлеуден жалтарған мекемелердің тізімін жариялаған болатын. Ол салық мөлшері құпия екенін айтты, сонымен қатар, салықты өз еркімен төлеуге шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети