06 желтоқсан 2015 00:36

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұзатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Іnstagram.com/moldir.auyelbekova © Іnstagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұзатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әншінің ұзату тойы 4 желтоқсан күні өтті. Мөлдір Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы тыңдармандарынан сүйінші сұрады.


Әнші Мөлдір Әуелбекова ұзатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әншінің ұзату тойы 4 желтоқсан күні өтті. Мөлдір Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы тыңдармандарынан сүйінші сұрады.

Жалғасы

"Кеше сырға салынып, ұзатылдым. Енді бүгін беташар болды. Барша дүйім xалық болып қуанышыма ортақ екендеріңізді білемін. Тамаша тілектеріңізге, жылы лебіздеріңізге, құттықтауларыңызға үлкен алғыс! Жақсы көрем ғой Сіздерді!", - деп жазды әнші.


Ұзату тойы кезінде. Мөлдір және оның әкесі. © Іnstagram.com/moldir.auyelbekova

Бұған дейін әншінің тұрмысқа шығатыны хабарланған еді. Қалыңдық той көйлегін де таңдап қойыпты. Сонымен қатар, екі жастың үйлену тойының Тараз қаласында өтетіні белгілі болды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта әнші жеке өнер көрсетіп жүр. Мөлдір Әуелбекова КешYou тобында алты жыл жұмыс істеп, 2012 жылы ұжымның қатарынан кеткен. Дәл сол уақытта топтан Анель Әрінова да кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети