22 ақпан 2021 17:42

Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары Ақтөбе музейіне әлем фанклубтары эмблемасын тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергеннің Ақтөбедегі фанклуб мүшелері Гүлзада Сатқанова мен Ғазиза Көшкімбаева Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі қорына шетелдердегі фанклуб жинағын тапсырды. Онда әр елдегі фанклуб эмблемалары, концертке кіру билеті мен әншінің жеке суреттері бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фанклуб дайындаған жинақты музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Бақытжан Қалнияз, ғалым-хатшы Арман Ержанов, қазіргі заман тарихы ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлері Айбек Ертеміров, Айзагүл Жамбылова және қорларды ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Көркем Сейітхан қабылдап алды.

Музей қызметкерлері фанклуб мүшелеріне алғыс білдірді.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің менеджері Сағымбек Ұлықпановтың айтуынша, бұған дейін де Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Димаштың қатысуымен өткен халықаралық "Бақытты бала" байқауындағы заттарды мүзейге тапсырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети