Қазақстанда бензин тағы арзандауы мүмкін - Қарабалин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бензин тағы арзандауы мүмкін - Қарабалин ©РИА Новости

ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин Қазақстанда бензин бағасының қайтадан төмендеуі мүмкін екенін жоққа шығармады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Егер мұнайдың бағасы тағы төмендейтін болса, әрине, бензин де арзандайды. Егер мұнайдың бағасы көтерілсе, бензиннің бағасын да көтеруге тура келеді", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистердің сурағына жауап беріп. 

"Өздеріңізде білесіздер, соңғы 1-2 айда мұнай бағасының төмендеуіне байланысты біз бензиннің бағасын үш рет төмендеттік", - деді вице-министр.

Бұл айда Қазақстанда АИ-92 жанармайы 99 теңгеге дейін арзандады. "Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 20 шілдесінде шыққан "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 7-бабы 15-тармағына және 9-баптың 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік реттеу бағамы бекітілген мұнай өнімдеріне қосылған құн салығымен қоса есептегенде мынадай шекті бағаны белгілеуді бұйырамын: дизель отынының әр литрі - 99 теңге, АИ-80 әр литрі - 89 теңге, АИ-92/93 әр литрі - 99 теңге", - делінген Энергетика министрі Владимир Школьниктің бұйрығында.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +21
Ақтау +27
Ақтөбе +17
Атырау +23
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +20
П
Павлодар +16
Петропавл +18
С
Семей +20
Т
Талдықорған +22
Тараз +24
Түркістан +19
О
Орал +15
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер