13 қазан 2014 14:44

Ресейдің алтын-валюта қоры ортайса бізге салмақ түсе ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Рубльдің күн санап құнсыздануына қатысты кеше Ресей президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев Орталық банкке рубльді екі-үш жылдың көлемінде осы қалыпта тежеп ұстап тұру қажеттігін айтты. Аптаның ең өзекті ұсыныстарының бірі саналған Глазьевтің бұл ойын қазірде Ресей экономистері тұс-тұстан талқыға салуда.


Рубльдің күн санап құнсыздануына қатысты кеше Ресей президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев Орталық банкке рубльді екі-үш жылдың көлемінде осы қалыпта тежеп ұстап тұру қажеттігін айтты. Аптаның ең өзекті ұсыныстарының бірі саналған Глазьевтің бұл ойын қазірде Ресей экономистері тұс-тұстан талқыға салуда.

Ресей сарапшыларының пайымдауынша, рубльдің құнсыздануын тежеп ұстап тұру үшін Ресейдің алтын-валюта қорынан қомақты қаржы алуға тура келеді. Мысалы, бұған дейін Ресей орталық банкі рубльді қолдау үшін тек қана қазан айының бастапқы үш күнінде ғана 454,2 миллиард АҚШ долларын жұмсаған.

Жалпы, рубльдің алдағы уақытта түзілу бағамына қатысты халықаралық Экономикалық даму орталығының сарапшылары «Ресейден сыртқа жылыстайтын капитал қазіргі қарқынын азайтпаса, 2014 жылдың соңына таман рубль тағы да 20 пайызға түседі» деп құлаққағыс жасаған болатын. Ал осы тұста Ресей президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев Орталық банкке рубльдің бағасын қалайда тұрақтандыруды ұсынып отыр. Оның есебінше, елдегі инфляциялық көрсеткіштің төмендеуін, әлеуметтің алаңдауын, кәсіпорындардың тұралау қаупін осылайша сейілтуге болады.

Дегенмен, Ресейдің макроэономикалық көрсеткішінің төмендей түсуінен, жалпы экономикалық аухалдың ауырлауынан онсызда алтын-валюта қоры ортайып кеткенін алға тартқан мамандар, осы ұсынысқа қатысты «алдағы уақытта Ресей алтын-валюта қорынсыз қалуы мүмкін» деп дабыл қағуда.

Бұл ретте Ресейдің экс-қаржы министрі Алексей Кудрин өзінің твиттердегі парақшасында «Глазьев таң қалдырудан танбай келеді. Ол орталық банкке валюталық бағамды тежеп ұстауды ұсынды. Бұдан шығатын қорытынды алтын-валюта қорынан тағы қаржы алынады. Мұның соңы алтын валюта қорының ортаюуына апарып соқтырғаннан басқа пайда әкелмейді» дейді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети