18 желтоқсан 2023 10:54

Арнайы жасақтың өзі ажырата алмаған: Ақтауда төбелескендер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Ақтаудағы 19-ықшамаудандағы бар жанында ер адамдар арасындағы төбелесті оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.


Ақтаудағы 19-ықшамаудандағы бар жанында ер адамдар арасындағы төбелесті оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, жанжал 17 желтоқсанға қараған түні Sport pub барының келушілер арасында мекеменің кіреберісінде болған.

"Кадрларда оқиға орнында бірінші арнайы жасақтың жүргені көрінеді. Тіпті олар ер адамдар арасындағы кикілжіңді тоқтата алмай, олардың бірі төбелеске шығып, қолында тасты ұстап, қарсыласын ұрған. Көп ұзамай полицейлер де жетіп, оқиғаға қатысушыларды ұстады", - деп жазды басылым.

Облыстық полиция департаменті бар алдында төбелес болғаны туралы қоңырау түскенін хабарлады.

"Полиция бөлімшесіне 33 және 34 жастағы күдіктілер жеткізілді, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети