05 қазан 2023 18:13

Батыс Қазақстан облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жақында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев еңбек ардагерлерімен кездесті.


Жақында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев еңбек ардагерлерімен кездесті.

Бүгіндері Орал өңірінде егде жастағы 93 463 адам бар. Олардың 14-і - Ұлы Отан соғысының ардагері, 2 753-і - тыл ардагері.

"Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекет тарапынан жасалып жатқан реформаларды насихаттауда, зиялы қауымның,оның ішінде ақсақалдардың рөлі ерекше екенін атап өтті. Ардақты ардагерлердің өмірі жолы – өнеге мен тағылым мектебі. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында "Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы өз қолымызда. Бабалардан қалған ұлан-ғайыр жерді өркендету – біздің перзенттік парызымыз" деді. Осы жолда қазақ халқы үшін қариялардың ақыл-кеңесінің, тәлім-тәрбиесінің маңызы зор", - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Бергеннің айтуынша, өңірдегі ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлері туралы ақпарат жиналып, дерекқор жасақталған. Сондай-ақ облыстық ардагерлер кеңесінің осы уақытқа дейін 300-ге жуық бастауыш ұйымы құрылған. Биыл ардагерлер арасында өткен ІІІ облыстық спартакиадаға 200-ден астам қария қатысқан.

Өңірде ардагерлерге әлеуметтік және материалдық қолдау үнемі жасалып тұрады. Облыс әкімінің айтуынша, биыл 4 522 адамға әлеуметтік көмек көрсету жоспарланса, жыл басынан бері 450 –ден астам зейнеткер тұрғын үймен қамтылған.

Басқосуды түйіндеген облыс әкімі Нариман Төреғалиев аудан әкімдеріне қоғамдық іс-шараға белсене қатысып жүрген ардагерлер ұйымының төрағаларына "Ақжайық" шипажайына жолдама беруді тапсырды. Сондай-ақ алдағы жылы Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай, ауған соғысы ардагерлеріне 100 000 мың теңге көлемінде біржолғы көмек беру жоспарланғанын мәлімдеді.

Кездесу соңында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген бір топ ардагерге БҚО-ның "Құрметті ардагері" төсбелгісін табыстады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ұсынған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети