06 тамыз 2023 14:33

БҚО-дағы жекеменшік демалыс орнында жасөспірім суға батып өлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысындағы жекеменшік демалыс орнында жасөспірім суға түсіп қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысындағы жекеменшік демалыс орнында жасөспірім суға түсіп қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2006 жылы туған жасөспірімнің денесі 5 тамызда сағат 19:00-де судан шығарылды.

Ол сағат 17:40 шамасында жеке демалыс орындарының біріндегі Карьер жасанды су қоймасында шомылу кезінде суға батып кеткен. Су қоймасы Бәйтерек ауданы, Жайық-2 ауылында орналасқан.

Құтқарушылар мас күйде суға түспеуді, құтқару кеудешелерін пайдалуды, балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті, судағы қауіпсіздік ережелерін еске салды.

Қауіпсіздік ережелерін бұзған немесе орындамағандарға әкімшілік жаза — 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 24 150 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети