22 наурыз 2024 13:06

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы да сырт алаңда жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram/kff_resmi Фото: instagram/kff_resmi

Пейслиде (Шотландия) футболдан Шотландия мен Қазақстан құрамалары арасында Еуро-2025 іріктеу кезеңінің ойыны өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Пейслиде (Шотландия) футболдан Шотландия мен Қазақстан құрамалары арасында Еуро-2025 іріктеу кезеңінің ойыны өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ойын 4:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Бірінші таймда шотландиялықтар Темірлан Анарбековты үш рет қапы қалдырды: 19-минутта команда капитаны Джош Доиг бірінші голды соқты. Бес минуттан кейін Лайл Кэмерон есепті еселеді. Үшінші голды Томми Конуэй 38-минутта пенальтиден соқты.

Екінші таймда шотландиялықтар басымдықты үдете түсті: Льюис Фиорини 55-минутта гол соқты.

68-минутта "Қайрат" шабуылшысы Ян Труфанов пенальти арқылы гол соқты.

Константин Горовенко шәкірттері бес матчтан кейін үш ұпай жинап, В тобында соңғы – бесінші орында тұр. Келесі кездесуде Қазақстан жастар құрамасы Алматыда Венгриямен ойнайды. Кездесу 26 наурызда өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети