22 наурыз 2024 09:19

Футболдан Қазақстан құрамасы Грекиядан ойсырай ұтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: UEFA Фото: UEFA

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына берілетін жолдама жолындағы жорығын аяқтады. Магомед Адиев жаттықтыратын құрама Афинада Грекия құрамасынан 5:0 есебімен ұтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына берілетін жолдама жолындағы жорығын аяқтады. Магомед Адиев жаттықтыратын құрама Афинада Грекия құрамасынан 5:0 есебімен ұтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ойынды алаң иелері ширақ бастады. 9-минутта нидерланд төрешісі Бағдат Каировтың ереже бұзғанын нұсқап, пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добынан құрама капитаны Анастасиос Бакасетас мүлт кетпеді. Араға 6 минут сала Димитриос Пелкас есепті 2:0-ге жеткізді.

Бірінші тайм аяқталғанға дейін алаң иелері тағы екі гол соғып үлгерді. 37-минутта Фотис Ионнадис, 40-минутта Димитриос Курбелис өз еншілеріне бір-бір голдан жазды. Бұл Грекия құрамасының ойындағы айқын басымдығын айғақтай түсті.

Қазақстан құрамасының бірінші таймдағы қауіпті шабуылының бірі – Ислам Чесноковтың шабуылы. Оның алыстан тепкен добы алаң иелері қорғаушысының аяғына тиіп, қақпа бағанына кері серпілді.

Екінші таймды Магомед Адиев шәкірттері шабуылмен бастады. Алайда шабуыл болғанмен, гол соғар сәт болмады. Гректер қорғаныста мығым, шабуылда ширақ ойнады. Ойын аяқталар тұста екінші таймда алаңға шыққан Еркін Тапалов өз қақпасына автогол соқты. Осылайша Грекия құрамасы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети