31 қаңтар 2024 20:07

Жамбыл облысының әкімі инвесторлармен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездескен отандық компания өкілдері электр зарядтау станцияларын орнату және "Қауіпсіз қала" жүйесін енгізу жобаларын таныстырды.


Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездескен отандық компания өкілдері электр зарядтау станцияларын орнату және "Қауіпсіз қала" жүйесін енгізу жобаларын таныстырды.

EVC компаниясы электр зарядтау станцияларын жеткізу, орнату мен техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсынды.

3 кВт-тан 180 кВт-қа дейінгі әртүрлі қуаттылықты қамтитын жабдық түрлері бар.

Кездесуде Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков облыс орталығында электр зарядтау станцияларын орнату мақсатында арнайы орындар белгіленгенін жеткізді. Алғашқы кезеңде дәл осындай 50 нысанды орнату жоспарлануда. Атап өтерлігі, бұл жұмысқа компаниялар конкурстық негізде қатысады.

Set компаниясы бірыңғай ақпараттық ортамен біріктірілген автоматтандырылған бағдарламаларды, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтитын "Қауіпсіз қала" жүйесін әзірледі.

Кездесу соңында аймақ басшысы жауаптыларға жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастыру бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жамбыл облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети