13 сәуір 2024 12:39

Жетісуда бүгінгі сенбілікке 25 мыңнан астам адам қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіс Ысқабай, Руслан Кадыров Жеңіс Ысқабай, Руслан Кадыров

Бүгін республикалық "Таза Қазақстан" акциясының аясында Жетісу облысында сенбілік өтті. Оған 25 мыңнан астам адам қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Бүгін республикалық "Таза Қазақстан" акциясының аясында Жетісу облысында сенбілік өтті. Оған 25 мыңнан астам адам қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сенбілікке студенттер, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, волонтерлар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенділер, жалпы облыс тұрғындары қатысты. Көшелердің қос қапталы, скверлер, саябақтар, бұлақ көздері, көп пәтерлі үйлердің маңайы, арық жүйелері тазартылды.

Сенбілікке қатысқан облыс әкімі Бейбіт Исабаев осы экологиялық шараға байланысты пікірін білдірді.

"Ата-бабамыздан келе жатқан салт - наурыз айы туғаннан бастап көктемде дүние-тіршілік оянып, көк шығып, қыстан қалған ескі-құсқы тазаланады. Біз бір апта бойы облыстың барлық аудан-қалаларында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бүгін, міне, жаппай сенбілікке шықтық. Бұл іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Тазалықты, әділдікті, жаңару мен жаңғыруды, патриоттықты әркім өзінен бастауы тиіс. Әрқайсымызда "Менің үйім, менің аулам, менің көшем, менің қалам, менің елім" деген елжандылық ұстаным болуы керек. Адам өзінің бойын да, оған қоса қоршаған ортасы мен табиғатты да таза ұстауы тиіс, - деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметіне қарағанда, тазалық шараларына облыс көлемінде 84 бірлік техника тартылып, 635 тонна қоқыс шығарылды. Сол сияқты орталық саябақтағы ағаштарға жас отбасылар құстардың ұяларын орнатты.

Өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту үшін сенбілік барысында 327 жас көшет отырғызылды. Бұл ретте Талдықорғандағы Астана көшесінің бойына Астана қаласының құрдастары 27 түп көшет еккенін атап өтуге болады.

Еске салсақ, экологиялық акция аясында келесі апта су айдындарының маңын тазалауға арналады. Сол сияқты көшедегі, саябақтардағы орындықтар, балалар ойын алаңдары сырланып, жаңа кейіпке енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети