28 ақпан 2024 19:58

Қарашөкеев: Басты мақсат – қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату жүйесін жолға қою

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.


Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.

Жалпы, елімізде қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаларды жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа тетіктері әзірленді.

"Жасыл даму" АҚ "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу технологияларын енгізу, қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу, қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған қалдықтарды басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға қаражат бағыттайды.

Қаржыландыру сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3 пайыздан аспайтын 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге қайтарымды қаржы болып табылады.

Сондай-ақ, қалдықтарды басқару саласындағы мамандандырылған кәсіпорындарға материалдық-техникалық базаны жетілдіруге қаржылық қолдау көрсету мәселесі жіті қарастырылуда.

Жиын барысында бірқатар ұсынылатын жобалар талқыланып, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков пен табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараевтың баяндамасы тыңдалды.

Бұдан бөлек, қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпорындардың өкілдері ұсыныстарын жеткізді. Олардың айтуынша, кәсіпорындар сұрыптау желісі мен арнайы техниканы сатып алуды жоспарлап отыр.

Аймақ басшысы жауаптыларға қалдықтарды басқарудың нақты жобаларын ұсынуды тапсырды.

"Жұмыс баяу жүріп жатыр. Өз жобаларын ұсынбаған аудандар да бар. Жауапты салалық басқарма кәсіпорындармен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жұмыстарды күшейту керек. Аудандарды күтпей, өздеріңіз барып, жағдайды түсіндіріп, түрлі нұсқаларды көрсетіңіздер. Басты мақсат – қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату жүйесін жолға қою. Қоқыс өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобалар ерекше бақылауда", - деді облыс әкімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Жамбыл облысы әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети