28 ақпан 2024 20:19

Қарашөкеев: Шағын қалалардың шырайын арттыру – маңызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, кәсіпорынның жұмысын көрді.


Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, кәсіпорынның жұмысын көрді.

Аймақ басшысы алдымен Қаратау қаласындағы орталық саябақты жөндеу жұмыстарын тексерді. Саябақты абаттандыруға өткен жылы аудандық бюджеттен 16 млн.теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілген. "Кеншілер" монументі орналастырылып, субұрқақ қойылды. Дегенмен тозығы жеткен саябақ толық абаттандыруды қажет етеді.

Облыс әкімі мәселеге қанығып, оның шешу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Қала әкімі Дархан Баймбетов шағын шаһардың даму жоспары туралы баяндады.

Аймақ басшысы аудан және қала әкіміне шағын шаһардың шырайын арттыру, тұрғындардың тұрмысын жақсарту бағытында кешенді шараларды нәтижелі жалғастыруды тапсырды.

Қаратау қаласындағы орталық жылыту қазандығында 500 тоннаға жуық мазут қоры бар. Нысан 152 көппәтерлі тұрғын үй мен мемлекеттік мекемелерді, түрлі әлеуметтік және коммерциялық нысандарды жылумен қамтамасыз етеді.

Мұнда электр желілерін жөндеу, жылу желілерін қалпына келтіру, қазандықтарды ағымдағы жөндеуден өткізу және мазут отын шаруашылық нысандарына жабдықтарды орнату мен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал 2024-2025 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық барысында мазут шаруашылығы мен жеке қазандықты қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен.

Аймақ басшысы тұрғындарды қажетті жылытумен тұрақты қамтамасыз етуде ешқандай мәселе болмау керектігін ескертті.

TALAS INVESTMENT COMPANY серіктестігі жыл сайын 15 мың тонна натрий ционидін өндіруге қауқарлы. Өндіріс қуаттылығын жылына 30 мың тоннаға жеткізу мақсатында кәсіпорынның екінші кезеңінің құрылысы қолға алынған. Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, 300 жаңа жұмыс орындары құрылады деп жоспарланып отыр.

Ербол Қарашөкеев осындай ірі кәсіпорындардың іргесінде шағын жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, бұл бойынша берілген тапсырманың орындалуын сұрады.

Серіктестік басшылығы 5 шағын жобаның жоспарланып отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ ол инфрақұрылымға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі аталған мәселеге қатысты жауаптыларға тиісті шараларды қарастыруды тапсырып, кәсіпорын басшылығына өндірістің тиімділігін, бәсекеге қабілеттігін басты назарға алу керектігін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Жамбыл облысының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети