05 желтоқсан 2023 23:48

Кәсіпкерлік саласы - даму динамикасының негізгі тетігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл Қызылорда облысының экономикалық әлеуетіне тікелей ықпал ететін салаларда даму қарқыны айтарлықтай жоғары. Әсіресе, кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларына тартылған инвестиция көлемі 386,4 млрд теңгені құраған. Өткен жылмен салыстырғанда 95,5 млрд теңгеге, немесе 27,7 пайызға артқан.


Биыл Қызылорда облысының экономикалық әлеуетіне тікелей ықпал ететін салаларда даму қарқыны айтарлықтай жоғары. Әсіресе, кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларына тартылған инвестиция көлемі 386,4 млрд теңгені құраған. Өткен жылмен салыстырғанда 95,5 млрд теңгеге, немесе 27,7 пайызға артқан.

Инвестиция тарту - игі істердің бастауы. Биыл облысқа 424,2 млрд инвестиция тарту межеленген болатын. Дегенмен демеушілер есебінен жүзеге асырылатын жобаларға 45 млрд теңгедей қосымша резерв анықталған. Сондықтан алдағы уақытта облысқа 472 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

Биыл өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобаларға құны 1,1 трлн теңгені құрайтын 45 жоба енгізілді. Оның ішінде, жалпы құны 6,2 млрд теңгені құрайтын 285 жұмыс орнын қамтитын 5 жобаны іске қосу жоспарлануда. Қазіргі таңда жалпы құны 5,7 млрд теңге болатын 4 жобаның жұмысы басталды.

Бұдан бөлек, құны 3,5 млрд теңгені құрайтын темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт өнім шығаруда. Сондай-ақ, облыстағы ең ірі жобалардың бірі - шыны зауыты да өз өнімдерін нарыққа шығаруда. Зауыт іске қосылғаннан бері 167 мың тонна өнім өндірген.

Бұдан бөлек, неміс компанияларымен бірлесіп, бірнеше зауыттарды іске қосу үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар өңірде шағын және орта кәсіпкерлік саласы да серпінді дамып жатыр. Биыл кәсіпкерлердің саны 9 пайызға ұлғайып, 75 640 бірлікке жетті. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің саны 10,3 пайызға артып, 70 977-і құрады.

2023 жылы аймақта шағын және орта бизнестің 3,5 мыңнан аса жобасы 42 млрд. теңге шамасында қаржыландырылды. Оның ішінде, облыс әкімінің қолдауымен ауыл кәсіпкерлерінің үлкен сұранысына ие болған "Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығымен 3 млрд теңге қаражат 358 жобаны қолдауға бағытталды.

Бұл өз кезегінде, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының макрокөрсеткіштеріне септігін тигізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети