17 желтоқсан 2023 09:44

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында алғашқы жеңілісіне ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметі Фото: Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметі

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Будапештте бірінші дивизионның А тобындағы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалдық кездесуінде Аустриядан жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Будапештте бірінші дивизионның А тобындағы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалдық кездесуінде Аустриядан жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесудің негізгі уақыты 6:6 есебімен аяқталды. Овертаймда командалар кім мықтыны анықтай алмағанымен, буллитте аустриялықтар жеңіске жетті – 2:1.

Жеңіліске қарамастан, Сергей Старыгиннің шәкірттері 13 ұпаймен турнирді бірінші орында аяқтап, элитаға шықты. Олардан кейін Дания (9), Франция (9), Аустрия (8), Венгрия (4) және Жапония (2) тұр.

Қазақстандықтар топтық кезеңде Венгрияны (5:2), Данияны (3:2), Францияны (4:0) және Жапонияны (3:1) ұтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети