15 қазан 2023 16:10

Қазақстан құрамасының жанкүйерлері Даниядағы матчтан кейін трибунадағы қоқысты тегіс жинап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото Иллюстрациялық фото

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жанкүйерлері 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Копенгагенде Даниямен өткен ойында ойыншыларға белсенді түрде қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жанкүйерлері 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Копенгагенде Даниямен өткен ойында ойыншыларға белсенді түрде қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ал ойыннан кейін жанкүйерлер трибунаны тегіс тазалап кеткен. Оқиға орнынан видеоны қазақстандық блогер Артур Асқарұлы Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Кадрлардан Қазақстан туын ұстаған жанкүйерлер қағаз бен пластик шыныаяқтарды, азық-түлік қаптамаларын және басқа да қоқыстарды жинап жатқанын көруге болады.

Даниялық бір жанкүйер "Қазақстан құрамасының қолдаушылары әлемде бойынша ең мықты" екенін айтты. "Сіздер Қазақстанда, ал біз осында жеңіске жеттік", - деді ол.

Еске салайық, 15 қазанға қараған түні Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу матчында Даниямен ойнап, 3:1 есебімен жеңілген еді. H тобындағы жетінші турдың қорытындысы бойынша Қазақстан төртінші орында және 12 ұпайға ие болды. Енді 17 қазанда Қазақстан Хельсинкиде Финляндия құрамасымен ойнайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети