12 желтоқсан 2023 21:16

Қызылордалық "Абай Дәулет" кәсіпорны "Парыз" сыйлығының иегері атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Астанада Президенттің жыл сайынғы "Алтын Сапа" және "Парыз" сыйлығын табыстау рәсімі өтті. "Парыз" сыйлығының Гран-При жүлдесі "Абай Дәулет" ЖШС кәсіпорнына бұйырды.


Бүгін Астанада Президенттің жыл сайынғы "Алтын Сапа" және "Парыз" сыйлығын табыстау рәсімі өтті. "Парыз" сыйлығының Гран-При жүлдесі "Абай Дәулет" ЖШС кәсіпорнына бұйырды.

Сондай-ақ, марапаттау рәсімінде Қызылорда өңірінің кәсіпорындары Qazaqstan Project Management Awards-2023, "Іскер" және "Ұлы дала елі" сыйлықтарының жеңімпазы атанды.

"Қазақстанның үздік отандық тауар өндірушісі" номинациясы бойынша "Ұлы дала елі" сыйлығының иегері йодталған тұз өндіруші компания "Алтын Орда" ЖШС атанды. "Мағжан и К" ЖШС "Үздік цифрлық жоба" номинациясы бойынша Qazaqstan Project Management Awards-2023 ұлттық байқауының жеңімпазы болып танылды. "Іскер" сыйлығын екі бірдей кәсіпорын "Асылдән LTD" ЖШС күріш өндіруші компаниясы және медициналық мекеме ALEXEY SULTAN AKHMET ЖШС иеленді.

"Компаниямыз "Алтын сапа" сыйлығына қатысып, "Іскер" марапатына ие болғандығына шексіз қуаныштымыз. Осындай ауқымды іс-шараны өткізген барша ұйымдастырушыларға және ерекше Атамекен ҰКП-на, сондай-ақ Қызылорда облысының Атамекен өңірлік палатасына үлкен қолдау көрсетіп, кәсіпорнымыздың дамуна елеулі серпін бергені үшін зор алғыс білдіреміз. Бүгінгі марапат - ұзақ және қажырлы еңбектің нәтижесі деп білемін. Кез-келген бастама, кез-келген жоба, кез-келген тәуекелге бару әрқашан өз нәтижесін береді. Бүгінгі марапаттау рәсімі біз үшін үлкен тәжірибе болды, мұнда біз түрлі бизнес саласының өкілдерімен таныстық және алдағ уақытта олармен ынтымақтастығымыз нығая береді деп үміттенеміз", - деді ALEXEY SULTAN AKHMET ЖШС директоры Айжан Мұқашева.

Салтанатты шараны Қызылорда өңірі облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың басшылығымен және өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының қатысуымен онлайн тамашалады.

"Президенттің "Алтын сапа", "Парыз" сыйлықтары мен кәсіпкерліктің түрлі бағыттарындағы марапаттары отандық өнімнің сапасын арттыруға сөзсіз әсер етеді. Біздің ортақ мақсатымыз - Made in Kazakhstan өнімдерінің сапасын арттыру және әлемнің озық дамыған елдерінің қатарына кіру. Мемлекет басшысы былтырғы сөзінде алдағы жеті жылда кәсіпкерлік саласының белсенділігін шектейтін барлық кедергініі жою бойынша ауқымды іс атқарылуы қажет екенін атап өткен еді. Осы орайда, бұл күні бизнесті дамыту үшін нақты шаралар жүргізілуде және бүгінгі салтанатты рәсім де соның айғағы. Меніңше, барлық кәсіпкер бұл күнді жыл бойы күтті және бүгін олардың арасындағы таңдаулылары сыйлық табыстау рәсіміне қатысуда. Әсіресе, Қызылорда өңірінің кәсіпкерлерін мақтанышпен атап өткім келеді. Бүгін олар өздерінің көп жылдық еңбектерінің арқасында марапатқа ие болды және мен оларды шын жүректен осы жетістіктерімен құттықтаймын", - деді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық өз құттықтау сөзінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Қызылорда облысы әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети