28 қаңтар 2024 12:16

Ресейлік Александр Шевченко келесі аптадан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/shevchenkoo_17 Фото: instagram.com/shevchenkoo_17

Әлемнің 48-ракеткасы Александр Шевченко Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Бұл туралы теннисшінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлемнің 48-ракеткасы Александр Шевченко Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Бұл туралы теннисшінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Александр Шевченко турнирлерге келесі аптадан бастап Қазақстанның атынан шығатынын хабарлады. Жас спортшы дәл қазір әлемдік рейтингіде 48-орында тұр.

"Мен бұл мүмкіндікті мақтан тұтамын және өзіме және елге ұмытылмас сәттер сыйлауға тырысып, кортқа шығуды асыға күтіп отырмын", - деп жазды Александр Шевченко әлеуметтік желідегі парақшасында.

Теннисші 23 жаста. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, 2023 жылдың соңында Александр Шевченко карьерасында алғаш рет ATP турнирінің финалына шықты. Турнир Мец қаласында (Франция) өтті. Ол сол кезде франциялық Уго Умберден екі сетте ұтылып қалды. Шевченко осы жетістігінен кейін АТР рейтингіндегі топ-50 теннисшінің қатарына кірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети