21 наурыз 2024 09:43

Тоқаев жазушы Медеу Сәрсекенің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург және қоғам қайраткері Медеу Сәрсекенің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Медеу Сапаұлы кемеңгер жазушы ретінде талғамы жоғары оқырманның ықыласына бөленді. Қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының сүрлеуін салған қаламгер ғылымның мүмкіндігін өрнекті сөзбен кестелеп жеткізе білді. Соңына бай рухани және әдеби мұра қалдырған Медеу Сапаұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - деп жазылған жеделхатта.

Көрнекті жазушы, журналист, драматург, "Құрмет" орденінің иегері, қазақ әдебиетінде ғылыми-қиял жанрының өрістеуіне айрықша үлес қосқан қаламгер Медеу Сәрсеке 88 жасында өмірден өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети