16 қыркүйек 2023 16:24

Юлия Путинцева Осакадағы турнирдің финалында жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ktf.kz Фото: ktf.kz

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жұптық сында Осакадағы (Жапония) турнирдің финалында ойнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жұптық сында Осакадағы (Жапония) турнирдің финалында ойнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін қазақстандық теннисші ресейлік Анна Калинскаямен бірге финалдағы матчын өткізді. Олар украиналық-германиялық жұп Надежда Киченок пен Анна-Лена Фридзаммен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарынан 6:7(3:7), 3:6 есебімен ұтылды.

Осылайша, қазақстандық теннисші жеңіске таяқ тастам жер қалғанда сүрінді.

Қазақстандық-ресейлік жұп матч кезінде екі қос қателікке жол беріп, бірде-бір эйс жасай алмады. Ал олардың қарсыласы бір эйсті орындап, екі қос қателік жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети