02 сәуір 2014 14:53

Бибігүл Төлегенова "Достастық жұлдызы" сыйлығының лауреаты атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова

 КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова "Достастық жұлдызы" халықаралық сыйлығының лауреаты атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ТМД елдерінің мемлекетаралық гуманитарлық қор бірлестігіне сілтеме жасай отырып. 


 КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова "Достастық жұлдызы" халықаралық сыйлығының лауреаты атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ТМД елдерінің мемлекетаралық гуманитарлық қор бірлестігіне сілтеме жасай отырып. 

Сондай-ақ гуманитарлық саладағы еңбегі үшін "Звезда" баспа мекемесінің директоры Александр Карлюкевич (Беларусь),  ақын, публицист, сыншы Александр Бадак (Беларусь), Қырғызстанның халық суретшісі  Юристанбек Шығаев та марапатталды.

Мәдениет және өнер саласы бойынша Чехов атындағы Мәскеу театрының көркемдік жетекшісі Олег Табаков, Әзірбайжанның халық суретшісі Омар Эльдаров, Армян мемлекеттік хор капелласының бас дирижеры Оганес Чекиджян "Достастық жұлдызы" сыйлығының лауреаты атағына ие болды.

 "Достастық жұлдызы" халықаралық сыйлығын 2009 жылы ТМД мемлекеттерінің гуманитарлық сала достастығы кеңесі бекіткен болатын. Сыйлық жыл сайын  ғылым және білім, мәдениет және өнер, гуманитарлық қызмет салалары бойынша тағайындалады.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети