30 қаңтар 2015 12:56

Қазақстанның айырбас пункттерінде бір айда 4 миллиард доллар сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстанның ақша айырбастау пункттері бір айдың ішінде 4 миллиард доллардан аса қолма-қол ақшаны сатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы қызметін дамыту ұлттық қорының мәліметтеріне сілтеме жасап.


Қазақстанның ақша айырбастау пункттері бір айдың ішінде 4 миллиард доллардан аса қолма-қол ақшаны сатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы қызметін дамыту ұлттық қорының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Қаржы қызметін дамыту ұлттық қорының мәліметінше, Қазақстаның ақша айырбастау пункттерінде 2014 жылдың желтоқсан айының өзінде 4 097 000 000 доллар сатылған, бұл осы айдағы сатылым көрсеткішінен едәуір жоғары. Қаңтар айында 883 000 000 доллар сатылды. 

Салыстырып көретін болсақ, 2014 жылы қарашада Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде доллар екі есе аз сатылған, ол айдағы сатылым көрсеткіші - 1 987 000 000 доллар. Ал долларды сатып алу көрсеткіші - 699 000 000 болды.

Айта кетейік, Қазақстанда Ресей рубліне де сұраныс күрт жоғарылады, 2014 жылы желтоқсанда Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде 26 656 000 000 рубль сатылды және 4 685 000 000 рубльді ақша айырбастау пункттері сатып алды. Ал 2014 жылдың қараша айында Қазақстанның ақша айырбастау пункттері 16 293 000 000 рубльді сатып, 3 052 000 000 рубльді сатып алған болатын.

Еске сала кетейік, 15 қаңтарда Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов биыл айырбас бағамының күрт өзгермейтінін айтқан болатын. Келімбетовтің айтуынша, 2014 жылы Қазақстан экономикасының беріктігі едәуір нығайды. Елдің алтын-валюта резерві 102 миллиард долларға жетті, соның ішінде Ұлттық қор 73 миллиард долларға дейін өсті. "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асырумен бірге алғанда, бұл 2015 жылға арналған экономикалық саясатты сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ұлттық банк биыл айырбас бағамының күрт өзгеруін болдырмауға ниетті", - деді Қайрат Келімбетов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети