26 наурыз 2024 18:01

Қазақстанның Того, Камбоджа және Македониядағы елшілері тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елшілер арасында тағайындау жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елшілер арасында тағайындау жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

  • Оңталап Оңалбаев Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына;
  • Сатыбалды Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып;
  • Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қанат Тумыш Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып;
  • Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Бұл ретте Сатыбалды Бұршақов Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылған.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Әбдрашов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети