22 шілде 2018 12:14

"Әлі де сенен хат келетіндей күтіп отырамын" - Димаш Құдайберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/kudaibergenov.dimash © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Денис Тенге деген достық сағынышын Instagram парақшасы арқылы жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Денис Тенге деген достық сағынышын Instagram парақшасы арқылы жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші Димаш Құдайберген мен мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен дос болған. Димаш бұған дейін де әлеуметтік желіде бірнеше пост арнап, Денистің туған-туыстарына көңіл айтты. 

"Алтын бауырым, көңілі жайсаң, жүрегі кең асыл досым... көзіңнің тірісінде елім үшін жасаған жақсылығыңа алғыс айтып үлгермеп едім... алдыңда 1000 мәрте басымды идім бауырым. Бір арнаға тоғысқан қанша мақсаттарымыз бен армандарымыз жүзеге аспай қалды... WhatsАpp-ты ашып, әлі де сенен хат келетіндей күтіп отырамын... Қош бол, ел үшін туған алтыным", деп жазды әнші. 

 

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда екі адам Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Денисті өлтірді деген күдікпен екі жігіт ұсталды. Олар: Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов. Екеуі де қылмысты мойындады және оқиға кезінде Денис Тен екенін білмегендерін айтты. 

Денис Теннің өлімі ұлттық трагедия болды. Әлемнің әр бұрышынан адамдар хабарласып, спортшының отбасына көңіл айтып жатыр. Кеше, 21 шілдеде Алматы мен Астанада спортшымен қоштасу рәсімі өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети