30 мамыр 2022 07:11

Финляндия құрамасы 2022 жылғы шайбалы хоккейден әлем чемпионы атанды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Тампере қаласындағы (Финляндия) Nokia Arena стадионында Канада мен Финляндия құрамалары арасындағы шайбалы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық ойыны аяқталды, - деп хабарлайды "Чемпионат.com" сайты.


Тампере қаласындағы (Финляндия) Nokia Arena стадионында Канада мен Финляндия құрамалары арасындағы шайбалы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық ойыны аяқталды, - деп хабарлайды "Чемпионат.com" сайты.

Кездесу қосымша уақытта 4:3 (0:0, 0:1, 3:2, 1:0) есебімен Финляндия құрамасының жеңісімен аяқталды. Осылайша, Финляндия құрамасы өз алаңындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

24-минутта канадалық Дилан Козенс мергендік танытып гол соқты. Бұл сәтте финляндиялық құраманың бір хоккейшісі айдыннан қуылып, канадалықтар сан басымдығына ие болған еді.

Үшінші кезеңде финляндиялық хоккейшілер алға қарай ұмтылды. Нәтижесінде 44-минутта Микаэль Гранлунд таразы басын теңестірсе, ол 45-минутта өз құрамасын алға шығарды. Ал, финляндиялық Йоэль Армиа 54-минутта басымдықты арттырды.

Канадалық Зак Уайтклауд 57-минутта есеп айырмасын қысқартса, 58-минутта Макс Комтуа таразы басын теңестірді.

Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда финляндиялық Сакари Маннинен жеңіс шайбасын соқты. Нәтижесінде, Финляндия әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Осылайша, олар өзінің тарихында төртінші мәрте жеңімпаз тұғырына көтерілді. Ал, 3-орын үшін сайыста Чехия хоккейшілері АҚШ құрамасын 8:4 есебімен сүріндірді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети