02 ақпан 2023 09:35

Шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық кездесуінде шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы (U-18) Исландияны жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу 7:0 есебімен аяқталды. София Зубкова (15:30, 18:36, 36:58), Мадина Нүсіпова (21:09), Анастасия Филимонова (27:56) және София Раковская (33:38, 57:32) үздік шықты.

Осылайша, қазақстандық хоккейшілер бес кездесуде бес мәрте жеңіске жетіп, турнир қорытындысы бойынша екінші дивизионның "А" тобына енді.

Олар осыған дейін Болгарияны (8:1), Жаңа Зеландияны (7:1), Бельгияны (5:3) және Эстонияны (8:0) ұтқан болатын. Қазақстан 15 ұпаймен В тобында бірінші орын алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети