04 наурыз 2017 21:45

Димаш сахна сыртына келіп, мені құшақтап жылап алды - Әншінің өкілі

ПОДЕЛИТЬСЯ

I am a Singer байқауының жетінші кезеңінде  "Адай" күйін тартып, кейін қазақ әні "Дайдидауды" орындаған Димаш Құдайберген сахна сыртына шығып, көңілі босаған. Әншінің өкілі Алпамыс Шаримов әншінің сырын бөлісті.


I am a Singer байқауының жетінші кезеңінде  "Адай" күйін тартып, кейін қазақ әні "Дайдидауды" орындаған Димаш Құдайберген сахна сыртына шығып, көңілі босаған. Әншінің өкілі Алпамыс Шаримов әншінің сырын бөлісті.

"Кешір Димаш!.. Бір сырымызды бөлісемін. Саxна сыртына келіп мені құшақтап жылап алды... еңкілдеп тұрып жылаған Димаш "мақсатым осы болатын еді ғой, досым" деп ағынан жарылды!.. Димаштың осыншама толқығанын бұрын көрмеп едім... Расымен де, саxнада толқып тұрды, кәсіби күйші болмаса да "Адайды" тартты! 24 сағат қасында жүрген "мен білемін" деп айта аламын: Бүгінгі күн ол үшін ерекше болды!", - дейді әншінің өкілі. 

Айтуынша, Димаштың өнері көрсеткеніне бір күн өтпей қытай сайттары қазақтың аспаптарын зерттеп жатыр екен. "Бір ғанибет!.. "Адажио" болсын "S.O.S"-те де Димаш осылай қуанбаған шығар!.. Жүрегі баладай тап-таза Досымнан айналдым! Мен Сені, Сенің өнерге деген маxаббатынды, Сенің өнер деп соққан жүрегінді жақсы көремін!.. Бауырым, Досым @kudaibergenov.dimash алда талай жеңіс бар! Алға!!! Қазақстаннан қолдап келген музыкант жігіттер мен қыздарға, менің жаңа достарыма мың алғыс", - деп жазды Алпамыс Шаримов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети