11 қаңтар 2017 11:40

Дарина Құлсейітова Қазақстан атынан "Әлем аруы" байқауына қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дарина Құлсейітова Қазақстан атынан "Әлем аруы" байқауына қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дарина Құлсейітова Қазақстан атынан "Әлем аруы" байқауына қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12 қаңтарда Манилада (Филиппин) әлемнің түкпір-түкпірінен келген арулар жиналады. Олар 65-ші халықаралық "Әлем аруы" байқауына қатысады.

Ал Қазақстан атынан бұл байқауға "Семей аруы" титулының жеңімпазы, "Қазақстан аруы" Ұлттық байқауының финалисі, халықаралық World Beauty 2016 және Best Foto Model World Russian Beauty 2015 байқауларының қатысушысы, Miss International Vietnam 2014 байқауының вице-аруы 19 жастағы Дарина Құлсейітова қатысады. 

19 жастағы ару Семейдегі Байсейітов атындағы қаржы-экономика колледжінің 3-курсында қаржыгер мамандығы бойынша оқиды. Бос уақытында би билегенді, сондай-ақ, саяхаттағанды ұнатады. "Қазақстан атынан осындай беделді "Әлем аруы" байқауына қатысу - мен үшін үлкен құрмет. Әлі күнге дейін сене алар емеспін. Байқауда лайықты өнер көрсету үшін, елімізді, мәдениетімізді және салт-дәстүрімізді таныстыру үшін бар күшімді салып жатырмын", - деді Дарина.

Айта кетейік, екі апта бойы Дарина мен оның бәсекелестері Манилада болады. Олар онда қайырымдылық аукциондарына, үздік ұлттық костюм мен дарындылар байқауына қатысады.

Әлемнің ең сұлу аруы 2017 жылдың 30 қаңтарында Mall of Asia Arena-да анықталатын болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети