22 желтоқсан 2015 09:51

"Дүниежүзі аруы" атағын "қателікпен алған" қыздың видеохабарламасы әлеуметтік желілерде хитке айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Дүниежүзі аруы-2015" атағы қателікпен берілген "Колумбия аруы" Ариадна Гутьеррестің жылап тұрған видеосы әлеуметтік желілерде хитке айналды. Facebook желісіндегі парақшаның өзінде видео 11 миллионнан аса көрілім жинады.


"Дүниежүзі аруы-2015" атағы қателікпен берілген "Колумбия аруы" Ариадна Гутьеррестің жылап тұрған видеосы әлеуметтік желілерде хитке айналды. Facebook желісіндегі парақшаның өзінде видео 11 миллионнан аса көрілім жинады.

"Колумбия аруынан хабарлама" деген атаумен жүктелген видеодан Гуттьерестің жылап тұрып "барлығы жайдан-жай болмайды" деп айтқанын көруге болады. Қыз өзіне дауыс бергендерге алғыс айтты. "Мен бақыттымын... өзімнің істегендерім үшін", - деді колумбиялық. Қалған қатысушылар осы сәтте оған қолдау білдірді.

Бұған дейін "Дүниежүзі аруы" байқауында жанжал шыққан болатын. Жүргізуші алғашында жеңімпаз колумбиялық Ариадна Гутьеррес болды деп хабарлады. Оған тәж кигізілгеннен кейін жүргізуші кешірім сұрап, өзіне берілген конверттегі есімді дұрыс оқымағанын жеткізді. Жаңа "Дүниежүзі аруына" тәжді былтырғы жеңімпаз Паулина Вега тапсырды.

Осыдан кейін америкалық миллиардер Дональд Трамп титулды Колумбия өкілі мен "Филиппин аруына" бөліп беруге болатынын айтқан еді. "Менің ойымша, титулды өзара бөліп беру керек. Бұл керемет болар еді", - деді АҚШ президенті лауазымына үміткер NBC телеарнасына берген сұхбатында.

Трамптың айтуынша, бұған Колумбия өкілі келіскен. "Менің ойымша, бұлай етуге болады. Себебі бұл жүргізушінің қателігі", - деді Ариадна Гутьерресті байқауға дайындаған Фабиан Чакон.

Ал Колумбия президенті Хуан Мануэль Санчес Гутьеррестің отандастары үшін жеңімпаз болып қалатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, колумбиялық De la Espriella Lawyers Enterprise қорғаушылар фирмасы байқаудағы жанжалға байланысты қуыным дайындап жатқанын хабарлады. "Тәж - біздің құқығымыз, бізді одан ешкім айыра алмайды. Қазір біз айып дайындап жатырмыз...", - деді заңгерлер Twitter желісінде.

Компания 40 миллион колумбиялыққа моральдық залал келгенін алға тартты. "Шығынның көлемін есептеу мүмкін емес", - деп хабарлады адвокаттар бюросы. Сонымен қатар, қорғаушылар конкурстың бұрынғы басшысы Дональд Трамптың айғағы бар екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети