20 наурыз 2014 10:19

Киев Қырымның жаңа билігіне ультиматум қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов. Фото segodnya.ua Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов. Фото segodnya.ua

Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов Қырымның жаңа билігі мен ресейлік әскерилерге ультиматум қойды. Мемлекет Басшысының баспасөз қызметі сәрсенбінің кешінде хабарлағанындай Турчинов "өз өзіне тәуелсіздік жариялаған Қырым билігіне үш сағат ішінде аймақта арандатушылыққа жол берместен кепілге алынған адамдардың барлығын босатуды" талап еткен. Турчинов мәлімдегеніндей, Украина әскери-теңіз күшінің басшысы Сергей Гайдук "Ресей қарулы күштерінің кезекті арандату кезінде қолға түсіп қалып, кепілге алынған болатын". "Және бұл Қырымдағы әскерилер мен тұрғындардың тұтқынға алынуының алғашқы дерегі емес", - деді ол. Бұған дейін мәлім болғанындай, контрадмирал Гайдук Севастопольда қолға түскен болатын. Бұл оқиға Украинаның әскери-теңіз күші штабын басып алу кезінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз бірнеше адам Гайдукты штабта отырған жерінен алып кеткен. Контрадмиралдың дәл қазіргі уақытта қайда екені белгісіз. Украина президентінің міндетін атқарушы сондай-ақ, сәрсенбі күні Қырым аумағына бірінші вице-премьер Виталий Ярем мен қорғаныс министрі Игорь Тенюханың жіберілмей қойғанын да мәлім етті. "Ресейлік әскерилер арандатуды болдырмаудан және кепілге алынғандарды жіберуден саналы түрде бас тартып, келіссөз жүргізуден қашқақтауда. Олар өз өзін тәуелсіз елміз деп жариялаған Қырым үкіметінің шешімі осыған саяды деген мағынада сылтау айтып қана құтылуда", - делінген Турчинов мәлімдемесінде. "Егер кешкі 21:00-ге дейін украиндық әскерилерге қатысты арандатушы барлық әрекетер тоқтамаса, адмирал Гайдук пен кепілге алынған барлық әскерилер мен тұрғындар босатылмайтын болса, онда біз қарсылықтың техникалық және технологиялық әдісіне көшетін боламыз", - деді Александр Турчинов. Еске саламыз, Украина батыс елдері секілді жартылай арал Қырымның Ресейге қосылуын мойындамайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети